Қазақстаннан басқа елдерге миллиардтаған теңге аударылады

641

2020 жылдың сегіз айында шамамен 460 млрд теңге аударылған. 

Қазақстаннан басқа елдерге миллиардтаған теңге аударылады

Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 458,8 млрд теңге басқа елдерге аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,7 млрд теңгеге немесе 12,4%-ға артық.

Қазақстаннан аударылған қаражат көлемі бойынша Қырғызстан көшбастап тұр. Бұл елге ақша ағымы 86,3% -ға, 96,5 млрд теңгеге дейін өсті. Екінші орынға Түркия ие болды - 36%, 74,5 млрд теңге. Сондай-ақ трансферттердің оң динамикасы Өзбекстанға - 7,6%, 95 млрд теңгеге және Әзербайжанға - 3,5% - 9 млрд теңгеге дейін өскені байқалды.

Ал Арменияға жіберілген ақша көлемі 40,3% төмендеп, 3,4 млрд теңге болған. Сонымен қатар, Украинаға аударылған ақша ағыны айтарлықтай төмендеп - 27,7% болған болса, Қытайға - 23%, Грузия - 20% және Тәжікстанға - 2,3%-ға дейін төмендеген.

Ресейден Қазақстанға ақша аудару да 7,6% -ға төмендеді. Алайда бұл мемлекет әлі күнге дейін рекордтық қаражат алады (124 млрд теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу