Қазақстаннан білікті дәрігерлер мен мұғалімдер кетіп жатыр

4246

Қазақстаннан білікті дәрігерлер мен ұстаздар жаппай кетіп жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстаннан білікті дәрігерлер мен мұғалімдер кетіп жатыр

Сегіз айдың ішінде ғана елден жүздеген медицина қызметкері көшіп кеткен. Биылғы жылдың бірінші жарты-жылдығында 14 мың 200-ге жуық қазақстандық тұрғылықты жерін ауыстырған. Бұл 2020-шы жылмен салыстырғанда 9,3% -ға көп. Ал 14 мың 192 адамның тек 11,5 мыңы Ресейге кетіпті. Қалғаны, Германия, Польша, Беларусь, АҚШ және тағы басқа елдерге көшкен.  Соның ішінде жоғары білімді эмигранттар көш бастап тұр. Олардың саны  3 мың 798. Елден кетіп жатқандардың ең көбі  Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Алматы және Ақтөбе облыстарының тұрғындары. Білімді мамандардың елден кетіп жатқаны, өмір деңгейінің төмендеуімен байланысты. Мәселен, көршілес Ресейде қол жетімді ипотека, ана капиталы және отбасын қолдау бағдарламалары болса, Қазақстанда ол атымен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу