Air Astana әуекомпаниясы Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған, – делінген хабарламада.
Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.
Әуекомпания өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.