Қазақстаннан Грузияға мұнай жеткізу артады

208

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.  

Қазақстаннан Грузияға мұнай жеткізу артады Фото: kmg.kz/gov.kz

Алдағы жылы Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы экспортталатын мұнай көлемін 1,5 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл бастама Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квиривишвилимен кездесу барысында айтылды.

"Біз Грузия елінің көлік инфрақұрылымының сенімділігі мен тұрақтылығын жоғары бағалаймыз. 2024 жылы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,4 миллион тонна отандық мұнай тасымалданды. Ал биыл тасымал көлемін 1,5 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді Ерлан Ақкенженов.

Кездесу аясында тараптар Грузия бағытының стратегиялық маңызын, Батуми портын дамыту мәселелерін және жасыл энергетика саласындағы ықтимал әріптестікті талқылады.

Сонымен қатар, Транскаспий энергетикалық дәлізін жүзеге асыру және Қара теңіз арқылы өтетін кабель жобасына қатысты ынтымақтастық перспективалары назарға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу