Қазақстаннан гуманитарлық көмектің негізгі көлемі Тәжікстан мен Ауғанстанға жөнелтілген

386

Жыл басынан бері Қазақстан бес елге 3,8 млн долларға гуманитарлық көмек көрсетті. 

Қазақстаннан гуманитарлық көмектің негізгі көлемі Тәжікстан мен Ауғанстанға жөнелтілген Фото: Максим Морозов

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан басқа елдерге 3,8 млн долларға гуманитарлық көмек жіберген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3 есе аз. Шетелден алынған гуманитарлық көмек көлемі 37,8%-ға артып, 24,9 млн доллар болды, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Биылғы 9 айда Қазақстаннан гуманитарлық көмектің айтарлықтай көлемі Тәжікстан (1,7 млн доллар) мен Ауғанстанға (1,6 млн доллар) жөнелтілген. Ақпанда күшті жер сілкінісі болған Түркия мен Сирияға да гуманитарлық көмек жіберілді: тиісінше 338,6 мың доллар және 11,5 мың доллар. Украинаға 101,7 мың доллар жөнелтілді.

Көрсетілген кезеңде шетелден гуманитарлық көмектің ең көп көлемі Бельгиядан келді: 20,7 млн доллар. Бұдан бөлек еліміз Германиядан да қомақты көлемде гуманитарлық көмек алды: 3,5 млн доллар. Басқа мемлекеттерден келген гуманитарлық көмек көлемі – 696,5 мың доллар.

Еліміз жіберген гуманитарлық көмектің ең көп көлемін азық-түлік тауарлары құрайды (1,9 млн доллар). Одан кейінгі орында киім-кешек пен аяқ (168,1 мың доллар), машина мен жабдық (88,3 мың доллар) орналасты.

Алынған гуманитарлық көмектің ішінде негізгі көлем дәрі-дәрмек үлесіне тиеді (12,1 млн доллар). Бұдан басқа 454,2 мың долларға киім мен аяқ киім, 16,9 мың долларға машина мен жабдық келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу