Қазақстаннан қаржы жымқырып, қашып кеткен Бергей Рысқалиев қайда жүр

988

Бас прокуратура желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді.

Қазақстаннан қаржы жымқырып, қашып кеткен Бергей Рысқалиев қайда жүр

ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Онда ірі көлемде ақша жымқырған Бергей Рысқалиев көшеде жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевті Ұлыбританияда түсіріп алған. Аталған мемлекетпен сотталған азаматтарды ұстап тапсыру бойынша өзара келісім жоқ. Дегенмен, жемқор шенеунікті басқа жолдармен алдырту шаралары қарастырылып жатыр.

"Әрине, біз ол видеоны көрдік. Енді, ол  – xалықаралық іздеуде жүрген азамат. Бәріңіз білесіздер, Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан оның жауапкершілігі әлі де қаралады. Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді", – деді Марат Аxметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу