Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр

2229

Кеткендердің басым бөлігі орыстар мен немістер. 

Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр

2019 жылдың I жартыжылдығында елдегі сыртқы көші-қон сальдосы кері көрсеткіш көрсетіп, 14,4 мың адамды құрады, деп хабарлайды LS.

Жарты жыл ішінде елден 20,1 мың адам кетіп, 5,6 мың адам келген. 

Кеткендердің 14,5 мыңы – орыстар, 1,3 мыңы – немістер, 1,3 мыңы – украиндықтар, 1 мыңы – қазақтар, 454-і – татарлар, 322-і – поляктар, 233-і – белорустар, 109-ы – кәрістер, 100-і –  өзбектер, 63-і – шешендер, ал 44-і – молдавандар.

Сонымен қатар келгендердің 3,2 мыңы – қазақтар, 1,1 мыңы – орыстар, 143і –  қарақалпақтар, 138-і –  әзербайжандар, 136-сы – өзбек, 130-ы – украин, 111-і – тәжік, 92-сі – кәріс, 82-і –неміс, 88-і – қырғыз, 64-і – татар, 37-сі – түрік, 23-і – күрділер, 22-і – армян, 21-і – ауған, 21-і – белорусь, 14-і – поляк.

Елден кеткен адамдардың 3,4 мыңы – техникалық мамандық иесі, 1,8 мыңы – экономист, 974-і – мұғалім, 558-і – дәрігер, 394-і –заңгер, 187-і – сәулетіш мен құрылысшы, ал 161-і – ауыл шаруашылығы мамандары.   

Ал келгендердің 486-сы – техникалық мамандық иесі, 248-і – экономист, 231-і – мұғалім, 142-сі – дәрігер, 88-і – сәулетші және құрылысшы, 63-і – заңгер, 46-сы – ауыл шаруашылығы маманы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу