Қазақстаннан көлік алғысы келетін ресейліктер көбейген

1078

Рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген.

Қазақстаннан көлік алғысы келетін ресейліктер көбейген

Көрші ел тұрғындарының көлік іздеп, еліміздің солтүстік өңірлеріне ағылуына бірнеше себеп бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Ресей Федерациясында шетелдік машина құрау зауыттары жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ дайын техникаларын да әкелмейтін болды. Әрі рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген. Мысалы, Қытай концерні прайс бағасын 50%-ға дейін жаңартты. Бұл үрдіс барлық дерлік брендтерде байқалады.

Ал қазақстанда құрастырылатын машиналардың бағасы әзірше сол қалпында. Ең арзаны – 5 млн 700 мың теңге. Ресейліктердің де көз тігіп отырғаны осы бағасы арзан отандық көліктер екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу