Қазақстаннан көршілес Қытайға экспорт азайды

195

Биыл жарты жылда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 14,9 млрд долларға жетті.  

Қазақстаннан көршілес Қытайға экспорт азайды Фото: afk.kz

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9% артық. Алайда өсім тек импорт есебінен болды (+22,8%), ал экспорт керісінше – шамамен 10% төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан қаржыгерлерлер қауымдастығы таратқан сараптамаға сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстанның экспорттық-мұнай-металл моделінің осалдығын көрсетеді. Қытай сұранысының қысқаруы мен шикізат бағасының төмендеуі экспорттық кірісті азайтқан.

Экспортта азық-түлік пен көлік құралдары артса, мұнай, газ және металл өнімдері азайды. Импорт құрылымында автокөліктер (+1,2 млрд доллар), металдар (+279 млн) және химия өнімдері (+231 млн) алға шықты.

Импорттағы Қытай өнімдерінің арзандығы (ҚХР-де инфляция – 0,1%) Қазақстандағы қымбатшылықты біршама тежеп отыр. Дегенмен, ішкі инфляциялық қысым – тарифтердің өсуі, теңгенің әлсіреуі және бюджет шығындарының артуы – сыртқы факторды басып кетеді.

Қауымдастықтың сараптамалық талдауында алдағы уақытта импорт сұраныс пен инфрақұрылымдық жобалар есебінен өсе береді, экспорттың көлемі мұнай мен металл бағасына, сондай-ақ Қытайдың өнеркәсіптік тұтынуына тәуелді болып қала береді деп жазылған.

Қазақстанның металлургиясы үшін Қытайдағы сұраныс шешуші рөл атқарады, себебі отандық кәсіпорындардың жүктемесі осы нарыққа тікелей байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу