Қазақстаннан Қырғызстанға 180 мың тонна жемді заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Инспекторлар тиісті қайтару актісін жасап, жүк Қазақстанға қайтарылған. 

Қазақстаннан Қырғызстанға 180 мың тонна жемді заңсыз өткізбек болғандар ұсталды  Фото: kabar.kg

Ветеринариялық қызметтің "Aқ-Tiлек" шекаралық бақылау-өткізу бекетінің инспекторлары Қазақстаннан Қырғызстан аумағына 180 мың келі мөлшердегі жемді заңсыз әкелгенін анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, жүктің ветеринариялық ілеспе құжаты жоқ және ол ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келмейді.

Инспекторлар тиісті қайтару актісін жасап, жүк Қазақстанға қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу