Қазақстаннан Қырғызстанға ірі қара мал экспорты 5 есе артқан

168

2024 жылғы 6 айда Қазақстан 3,5 мың бас ірі қараны көрші елге экспорттаған.

Қазақстаннан Қырғызстанға ірі қара мал экспорты 5 есе артқан Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қырғызстан Қазақстаннан ірі қара мал импортын бес есе арттырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, биылғы қаңтар – маусым аралығында Қырғызстан Қазақстаннан 3,5 мың бас ірі қараны (шамамен 710 мың доллар) импорттаған. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бес есе көп. 2023 жылы Қырғызстанның импорты 711 бас ірі қара немесе 321 мың долларға тең болған. 

Еске салайық, Қазақстанда 2023 жылы алты айға ірі қара мал мен ұсақ малдың экспортына квота енгізілген. Дәл осындай квотаны биыл да енгізу жоспарланып отыр. Оған сәйкес, Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 85 мың бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні апаруға рұқсат етіледі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша 8,1 миллион бас ірі қара бар. Бір жылда ірі қара саны шамамен 400 мың басқа артқан. Бұған өткен жылы енгізілген квотаның ықпалы болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу