Қазақстаннан Қырғызстанға құжатсыз кетіп бара жатқан күмәнді микроавтобус ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ыстықкөл облысының "Қарқара-автожол" бақылау-өткізу пунктінде болған.
"Қырғызстан азаматы қандай да бір ілеспе құжаттарсыз ірі көлемде тауарлық-материалдарды (мотоциклдер, киім және басқа да халық тұтынатын тауарлар) кіргізуге тырысқан", - делінген материалда.
Заңға қайшы әрекетке қатысы бар барлық адамды анықтауға және міндетті салық және басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.