Қазақстаннан Қырғызстанға құтқарушылар мінген әскери тікұшақ аттанды

493

Қазақстаннан Қырғызстанға құтқарушылар мінген әскери тікұшақ аттанды

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерінен Ыстықкөл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін көмек сұрады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығының басшысы Мұхаммед Сваров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан тарапы сұранысты қабылдады, көрші республиканың ІІМ тікұшақ жіберді. Құтқарушылар мінген әскери тікұшақ келе жатыр", - деді Мұхаммед Сваров.

Еске сала кетейік, апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының бортында 15 адам, соның ішінде 9 турист болған. Олардың 4-уі зардап шеккен. Тікұшақ бүгін таңертең шұғыл қонуға мәжбүр болып, күшті жел салдарынан аударылып кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу