Қазақстаннан қытайға азық-түлік экспорты арта түседі

853

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері Қытайда жоғары сапалы, экологиялық және табиғи болып жоғары бағаланады.

Қазақстаннан қытайға азық-түлік экспорты арта түседі

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі өсімдіктер карантині саласындағы Меморандумға және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Бүгін Мемлекет басшысының экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гульмира Исаева Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы министрінің орынбасары Ван Лин Цзюньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық тауарлардың ҚХР нарығына қолжетімділігін кеңейту мәселелері талқыланды, сондай-ақ біздің өнімдерімізді экспорттау үшін маңызды құжаттарға қол қойылды. Бұл-өсімдіктер карантині саласындағы меморандум және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар жөніндегі хаттама.

Екі ел арасындағы сауданы дамыту,  сондай-ақ Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру  мақсатында, 2018 жылдың қараша айында Шанхай қаласында ҚР АШМ мен ҚХР ГТУ ведомстволар арасында қол қойылған қазақстандық өнімді Қытайға экспорттауға қойылатын талаптарды келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол картасының 14 пунктінен 6 пункт орындалды. Барлығы 18 хаттамаға қол қойылды, бұл екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Үздік 10 өнімге дәнді дақылдар (бидай, арпа), ұн, өсімдік майы және майлы тұқымдар, мақта талшығы, азықтық дақылдар, кондитерлік өнімдер кіреді. Перспективалы өнімдер ет, ет және сүт өнімдері, соя, жүгері болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу