2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 миллион тоннадан асып түсті.
Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін тасымалдаудың өсуі есебінен экспорттық жөнелтілімдер 17%-ға өскені атап өтілді: оның ішінде темір рудасы (+17%), түсті руда (+45%), қара металдар (+6%), контейнерлерде астық жүктері (+70%) және басқа жүктер (+83%).
Қытай бағытында жүк тасымалына сұраныстың артып отырғанын ескере отырып, теміржол инфрақұрылымын жеделдету шаралары қабылдануда.
"Отандық өнімді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында өткен жылдың қараша айында Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін учаскенің өткізу қабілеті 5 есеге артады. Қазіргі таңда Аягөз-Бақты теміржол шекарасының үшінші өткелінің құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде", деп жазылған хабарламада.