Қазақстаннан Қытайға теміржол арқылы астық тасымалдау 4 есе өсті

480

 Астықтың 78%-і, яғни 844 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданды.

Қазақстаннан Қытайға теміржол арқылы астық тасымалдау 4 есе өсті Фото: inbusiness.kz

2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстаннан Қытайға астық тасымалдау 2021-2022 жылдардағы егін тиеудің көрсеткішімен салыстырғанда  4 есеге - 1,1 млн тоннаға дейін өсті. Астықтың жалпы көлемінің 78%-і (844 мың тонна) контейнерлерде тасымалданды, деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

ҚХР - ға ұнтақ өнімдерін тиеу 3 есеге - 344 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл көлемнің барлығы да контейнерлерде тасымалданды.

Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы астық тиеу 200 есеге, ұнтақ өнімдері 6,5 есеге өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу