Биыл 2 маусымынан бастап қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейстер аптасына 2 рет "Airbus A321LR" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады. Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Ведомство мәліметінше, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу