Қазақстаннан Ларнакаға жаңа әуе бағыттары ашылады

199

Air Astana Астана–Ларнака және Алматы–Ларнака рейстерін аптасына екі рет орындайды.  

Қазақстаннан Ларнакаға жаңа әуе бағыттары ашылады Фото: lada.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жұмыс аясында "Air Astana" әуе компаниясы жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады. Атап айтқанда, 2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағыты бойынша тікелей әуе рейсі ашылады. Сонымен қатар, 4 маусымнан бастап Алматы – Ларнака бағыты бойынша да әуе қатынасы іске қосылады.

Екі бағыт бойынша да рейстер аптасына 2 рет "Airbus A321LR" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа әуе қатынастары елдер арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және туристік алмасуды дамытуға ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу