Қазақстаннан металл рудаларын экспорттауға тыйым салынады

524

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қазақстаннан металл рудаларын экспорттауға тыйым салынады Фото: CaViral

Бұл елдің өңдеу өнеркәсібін шикізатпен толық қамтамасыз етуге негізделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда бастапқы металл деңгейіне дейін өңделмеген металл рудаларының экспортына тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл елдің өңдеу өнеркәсібін шикізатпен толық қамтамасыз етуге жол ашса, қайта өңдеу көлемін 50 пайызға, ал 10 жыл ішінде 80 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Бұл жайлы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы консультативтік құжатының жобасында жазылған. Жоба Ашық НҚА порталында жазылды. 

Құжат мәтініне сәйкес, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін жер қойнауын пайдаланатын отанлық компанияларға жаңа талаптар қойылуы керек. Атап айтқанда олар: 

кенді және өндірілген концентратты қайта өңдеу бойынша өз өндірісін құруы және жаңғыртуы; шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім негізінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына бастапқы металды беруі қажет. 

"Екінші әдіс қазақстандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп жазылған консультативтік құжат жобасында. 

Жоба авторлары бұл өзгерістердің Қазақстанның осы саладағы инвестициялық тартымдылығын Фрейзер институтының рейтингінде 56-орыннан 50-орынға дейін көтеретініне сенім білдіріп отыр. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 24 қазанға дейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу