Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. Оған қоса, газ экспортын бірден 2 млрд текше метрге азайтпақ. Экспорттың төмендеуіне ішкі тұтынудың артқаны себеп. Өйткені былтыр елімізде дизель тапшы болып, шарулар жанар-жағармайды шарықтаған бағаға сатып алғаны есімізде. Осыған байланысты Президент халыққа жолдауында фермерлерді қолайлы баға бойынша жанармайдың қажетті көлемімен қамтамасыз етуді тапсырған. Енді энергетика минитстрлігі бағаны ұстап тұру үшін мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдал-дарды алып тастауды көздейтін түзетулер енгізбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу