Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз шығарған тұлғалар құрықталды

1604

ҚМА мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.

Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз шығарған тұлғалар құрықталды

Жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 35 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасына экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар 5 теміржол цистернасы ұсталды, құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш көрсетілген. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады.

Павлодар облысында "органикалық еріткіш" деген жалған атаумен Ресей Федерациясына экспорттамақ болған дизель отыны бар 4 теміржол цистернасы ұсталды.

Сондай-ақ Павлодар облысында ЖШС директоры растайтын құжатсыз 660 тоннадан астам мазутты 76 млн теңгеге сатқан.

Бұған дейін 2021 жылы Атырау облысында екі компанияның директоры жалпы саны 6 мың тоннаға жуық дизель отынын сатып алып, оны 1,8 миллиард теңгеге заңсыз сатқан.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу