Қазақстаннан Өзбекстанға нормадан артық ет өткізбек болғандар ұсталды

348

Тиісті тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік жауапкешілікке тартылды

Қазақстаннан Өзбекстанға нормадан артық ет өткізбек болғандар ұсталды Фото: МКК

2023 жылдың 23 маусымында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінде Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына бағытталған "IVECO" маркалы жүк көлігін кедендік тексеру барысында алып бара жатқан тауарының салмағында сәйкессіздіктер анықталған. 

Кедендік тексеру барысында тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген деректермен тауардың нақты салмағында айырмашылық анықталған. 

Нәтижесінде экспорт декларациясында көрсетілген 8000 кг ірі қара мал еті өнімінен бөлек, артық 6000 кг ірі қара мал еті артылғаны анықталды. 

Осы факт негізінде, тиісті тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік жауапкешілікке тартылып, 172 500 тенге айыппұл салынып, жинақталған құжаттар ветеринарлық қызметке тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу