Қазақстаннан оффшорға кеткен ақшаны қайтару мүмкін бе?

3048

"Қаржылық криминалдарды тергеу қиын. Себебі қылмыскердің де қаржылық сауаты жоғары болғандықтан қадамын алдын ала ойласытырады", – деген еді Жақып Асанов.

Қазақстаннан оффшорға кеткен ақшаны қайтару мүмкін бе?

Владислав Косарев айтпақшы, аға-көкелері барлардың жұмысы жанданып, қамқоршылары жоқтардың жұмысы тұралап тұр. Депутат Азат Перуашев та елдегі әділетсіздікке алаңдаулы. Ол жақында түрлі жолдармен шетелге кеткен қомақты қаржы –167 млрд доллардың оффшорда екенін айтып, қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Atameken Business.

Азат Перуашев бұл мәселені жыл сайын қозғайды десек артық айпаймыз. Оған негіз бар.  Бірақ, ескеретін бір нәрсе оффшорға заңды түрде ақша салып, табыс табатын негізінен кәсіпкерлер. Ал шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер қаржыларын тасаға жіберсе де, оны ешқашан ешкімге айтпайтыны белгілі. Тек тергеу басталғанда ғана барлық былықтың беті ашылады.

Елімізден ақша жымқырып, қашып кеткен ТОП-5 қазақстандықты еске түсірсек: Виктор Храпунов – 300 млн доллар, ағайынды Рысқалиевтер – 71 миллиард теңге, Мұхтар Әбіләзов – 10 млрд доллар, Әкежан Қажыгелдин. Соңғысының қанша қаржы жымқырғаны осы күнге дейін белгісіз, ресми дерек жоқ. Жақында ғана елге қайтарылып, сотты болып жатқан Жомарт Ертаев 144 млрд теңгемен қашқан

Бас Прокуратура 2016 жылы "Ұрланған активтерді шетелдерден қайтару" жобасын бастаған еді. Оның нәтижесі туралы бірақ құзырлы орган мардымды жауап бермей отыр. Ал сол кезде Бас прокурор болған Жақып Асанов "Қаржылық криминалдарды тергеу қиын. Себебі қылмыскердің де қаржылық сауаты жоғары болғандықтан қадамын алдын ала ойласытырады", – деген еді.

Жалпы шекарадан асып кетен ақшаларды қайтару мүмкін бе? Atameken Business студиясында талқыланды:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу