Қазақстаннан Өзбекстанға есірткі алып өтпек болған адам ұсталды

161

Ұсталған 25 жастағы жүгізушінің "Өзбекстан-Ресей" бағытында жолаушы және жүк тасымалымен айналысқаны белгілі болды.  

Қазақстаннан Өзбекстанға есірткі алып өтпек болған адам ұсталды Фото: t.me/xavfsizlik_uz

Ресейден әкелінген есіркіні Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға кіргізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қазақ-өзбек шекарасындағы "Қапланбек" – "Науаи" кеден бекетінде күдік тудырған Lada Largus көлігіне тексеріс жүргізілді. Оның барысында темір тұлпарға тиелген жүктердің арасына жасырылған 2,3 келі мефедрон анықталды.

Тапсырысқа сай, ол есірткіні Қашқадария облысындағы ер адамға жеткізуі қажет. Тиісінше, қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мефедронды қабылдап алуы тиіс азаматты препаратты күтіп алу барысында қолға түсірді.

Ұсталған 2 күдіктіге қатысты "Есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу және сақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу