Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады

188

Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен орындалады. 

Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады Фото: canva

1 мамырдан бастап Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейтіп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыс жүргізеді.

Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, биылғы 1 мамырдан бастап отандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

"Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу