Қазақстаннан Өзбекстанға жіберілген керік қатты аязға шыдамай өлген

626

Хайуанаттар бағының директоры Тұрсынәлі Мамажоновтың айтуынша, қаңтар айындағы қатты аяздан жануарға суық тиіп, кейін ол өліп қалған.  

Қазақстаннан Өзбекстанға жіберілген керік қатты аязға шыдамай өлген Фото: pixabay

2018 жылы Қазақстаннан әкелінген Максим есімді жираф Ферғана хайуанаттар бағында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

"Оның тұратын жері кішкентай болғандықтан, керікті жиі сыртқа серуенге шығаратынбыз. Кейінгі кездері далада ұзақ жүретін болды. Сөйтсек біз оны суыққа жиі шығарғандықтан, жануар суық тиіп өліп қалыпты. Біз оны кейін білдік. Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту департаментінен, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Денені тексергенде оған суық тигені расталды. Жирафтың еті жануарларға таратылды", - деді Тұрсынәлі Мамажонов.

Сол күндері зообақта құстар да қырылып қалған.

2022 жылы Ташкент хайуанаттар бағында Алатау есімді жираф ми ишемиясынан қайтыс болды. Ол да 2016 жылы үш жасында Алматы хайуанаттар бағынан әкелінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу