Қазақстаннан Ресейге 17 тонна насыбай кіргізбек болған

589

Челябі кеденінің мобильді тобы Қазақстаннан заңсыз әкелінген 17 тонна насыбайдың жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz РФ Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан Ресейге 17 тонна насыбай кіргізбек болған Фото: customs.gov.ru

Жүк көлігі Бугристое халықаралық автожол бақылау бекетінің маңында тоқтатылды.  Ауыр жүк көлігінің тіркемесінен 500 қап жасыл түсті ұнтақ табылды.

 "Құжаттарға сәйкес, көлік Қырғызстаннан Челябіге барып, ағаш күлі мен темекі шикізатын тасымалдаған.  Алушының айтуынша, ол бақша өсімдіктеріне тыңайтқыштарға тапсырыс берген", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу