Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған 5 шетел азаматы ұсталды

1437

Олар Қазақстанға турист ретінде келген.

Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған 5 шетел азаматы ұсталды Фото: ҰҚК

Шекарашылар Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары 4 тамызда белгіленген өткізу пунктерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. Олар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша, жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды", делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу