Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды

436

Ер адам жүк пойызының вагонында жасырынған. 

Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды Фото: Qaz365.kz

ҰҚК Шекара қызметі Ресей Федерациясына заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 мамыр күні ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Булаев" (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады. Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды", - делінген ҰҚК  таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ұсталған адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу