2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жасалған транзакция көлемі 267,2 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын бұл сома 201,4 млрд теңге болған.
Қазақстаннан шет елге 159 млрд теңге жөнелтілген. Бұл жалпы аударылған соманың 36,5%-ы. Ал шетелден Қазақстанға 82,6 млрд теңге келген.
Қазақстан бойынша ең көп ақша "Золотая корона" жүйесі арқылы аударылған. Осы жүйе арқылы айналған ақша бір жылда 6,8 есе өсіп, 7,5 млрд теңгеге жеткен. Ал жүйенің біздің елдегі үлесі бір жылда 29,4%-ға өскен.
Екінші орынға орналасқан Faster жүйесі бір жылда 1,3 млрд теңге айналдырған.
Үздік үштікті Western Union жүйесі тұйықтады. Аталмыш жүйе арқылы бір жылда 1 млрд теңге аударылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу