2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстаннан шетелге 90,1 миллион доллар әкетілген, деп хабарлайды naryk.kz.
Ranking.kz есебі бойынша, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көрсеткіш 10,4 есе төмендеген.
Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 940 миллион долларды құрап, соңғы 5 жылдағы рекордтық деңгейге жетті.
Осы уақыт аралығында елге әкелінген доллар көлемі сыртқа кеткен қаржыдан анағұрлым артық. Нақтырақ айтар болсақ, сегіз айда Қазақстанға 1,8 миллиард доллар кірген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,6 есеге артық.
Соңғы бес жылда Қазақстанға әкелінген доллардың рекордтық көрсеткіші 2013 жылдың қаңтар-тамызы аралығына тиесілі. Ол кезде республикаға 4,1 миллиард доллар әкелінген еді.
Ал еуроға тоқталар болсақ, аталған уақытта Қазақстанға 182,3 миллион еуро әкелінді. Бұл өткен жылғы сәйкес уақыттағыдан 65,1 пайызға артық.
Сыртқа кеткен еуро көлемі 15,5 миллион болды, бұл былтырғы алғашқы сегіз айдағы көрсеткіштен 84,1 пайыз аз.