26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-да жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия – 33 жиілік, Оңтүстік Корея – 2 жиілік, Нидерланды – 2 жиілік, БАӘ – 16 жиілік, Беларусь – 4 жиілік, Германия – 4 жиілік, Украина –1 жиілік, Өзбекстан – 2 жиілік, Мысыр – 2 жиілік, Қырғызстан – 2 жиілік, Ресей – 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады:
1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai – аптасына 3 рет);
2) Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);
3) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет);
4) Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);
5) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа – аптасына 4 рет);
6) Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет);
7) Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines – аптасына 1 рет);
8) Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет);
9) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет);
10) Алматы-Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет);
11) Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет);
12) Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Turkish Airlines – аптасына 3 рет);
13) Атырау – Ыстамбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет);
14) Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет);
15) Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет);
16) Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет);
17) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 2 рет);
18) Алматы – Ташкент – Алматы (Эйр Астана – 1 жиілік, Uzbekistan Airways –1 жиілік);
19) Алматы – Бішкек – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет);
20) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет).