Қазақстаннан шетелге баратын әскерилерге үш есе жалақы, қосымша демалыс беріледі

708

БҰҰ миссиясын орындау үшін Қазақстаннан шетелге баратын 430 әскерге қандай жағдай жасалады? Бұл сұраққа Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстаннан шетелге баратын әскерилерге үш есе жалақы, қосымша демалыс беріледі

"Заңға сәйкес, қатысу кезеңінде үш есе жоғары жалақы, қайтып келгеннен кейін мемлекет есебінен емделу, жыл сайынғы демалысқа қосымша екі апта демалыс беріледі. Қатысу кезеңі, жеңілдікті шарттармен, бір ай-бір жарым ай болады", – деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын Парламенттің қос палатасы қолдады.

Әскери қызметкерлер Орталық Африка, Конго және Малиде бітімгершілік миссияға қатысуға барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу