Ал шетелден алынған қаражат көлемі бар болғаны 186 млрд теңге. Бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,5%-ға артық.
Осылайша, шетелге жіберілген қаражат көлемі алынған көлемнен 3,5 есе асып түсті. Қазақстаннан қаражат алушы елдер арасында Өзбекстан көш бастап тұр: 191 млрд теңге – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Одан кейін Түркия (127 млрд тг), Ресей (122,2 млрд тг) және Қырғызстан (99,6 млрд тг) тұр.
Ал Қазақстанға қаражат жіберуші елдер арасында Ресей көш бастап тұр: 39 млрд теңге. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға аз. Одан кейін Өзбекстан (29,5 млрд тг), Оңтүстік Корея (27,6 млрд тг) және Қырғызстан (21,4 млрд теңге) мен АҚШ (21,2 млрд теңге) орын алады.