Қазақстаннан ең көп Ресейге ақша аударылған

254

Екінші орында Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған. 

Қазақстаннан ең көп Ресейге ақша аударылған Фото: inbusiness.kz

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының саны бойынша Ресей бірінші орында екені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың маусымында Қазақстаннан шетелге 200,35 мың транзакция жасалса, оның 98,29 мыңы Ресейге жіберілген. Екінші орында Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған.

Алайда сомаларға келсек, керісінше Өзбекстан 28,7 миллиард теңгемен (60,5 миллион доллар) бірінші орында болса, Ресейге 19,7 миллиард теңге (41,4 миллион доллар) қаржы аударылған.

Ұлттық банк ақша аударымдары бойынша алғашқы ондыққа кірген елдердің Түркия – 10,6 млрд теңге (22,4 млн доллар), Грузия – 4,9 млрд теңге (10,4 млн доллар) және Қырғызстан – 2,6 млрд теңге (5,5 млн доллар) екенін атап өтті.

Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарында Ресейдің үлесі барлық транзакциялардың 40,6%-ын құрайды, бұл 5,3 млрд теңге (11,3 млн доллар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу