Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша елге аударылғаннан көп

1006

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 8 халықаралық ақша аударымдары жүйесі (Золотая корона, Вестерн Юнион, Юнистрим, Contact, Faster, MoneyGram және басқалар) жұмыс істейді.

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша елге аударылғаннан көп

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 21%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жүйелер арқылы жіберілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 2021 жылы 1,364 трлн теңгені құраған. Транзакциялар саны – 4,3 млн. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21%-ға өскен. Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 28,3%-ға артса, шетелден Қазақстанға – 1,2%-ға қысқарды. Ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 35,4%-ға ұлғайып, 70,4 млрд тенгені құрады.

2021 жылы Қазақстаннан шетелге ХААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының көлемі 1,010 трлн теңге болды. Шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының негізгі үлесі Өзбекстанға (29,5%), Түркияға (20,9%), Ресей Федерациясына (17,5%), Қырғызстанға (14,3%) тиесілі. Шетелден Қазақстанға өткен жылы 283,5 млрд теңге келіп түскен.

Қазақстанға ақша аударымдары негізінен Ресей Федерациясынан (18,7%), Өзбекстаннан (17,6%), Оңтүстік Кореядан (14,0%), Қырғызстаннан (12,0%) және АҚШ-тан (11,8%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу