Қазақстаннан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы қыз ашық жаттығу өткізді

1102

Қазақстаннан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы қыз ашық жаттығу өткізді

Кәсіпқой бокстан Қазақстаннан шыққан алғашқы спортшы қыз Фируза Шарипова бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұлттық күн сахнасында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол кезекті жекпе-жегін 26 тамыз күні Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бұрынғы әлем чемпионы болгариялық Милена Колеваға қарсы өткізеді.

29 жастағы Милена өте тәжірибелі спортшы. Бұған дейінгі жекпе-жегінде ол Шарипованың әлеуетті қарсыласы - осы уақытқа дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген ресейлік IBО нұсқасы бойынша әлем чемпионы Светлана Кулаковамен, ирландиялық олимпиада чемпионы Кэти Тейлормен кездескен болатын. Сондай-ақ, Франциядан шыққан IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Майва Хамадучемен де күш сынасып көрді. Қазіргі уақытта Колева әлемдік рейтинг бойынша Шариповадан әлдеқайда жоғары орналасқан.

Әлем чемпионы атағы үшін айқас он раундқа есептелген. Шарипова ашық жаттығу барысында жанкүйерлеріне қалай дайындалып жатқанын көрсетіп қана қоймай, жаттығу соңында көрме қонақтарына қолтаңба беріп, бірге суретке түсті  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу