Қазақстаннан шыққан инженер Forbes рейтингінен көрінді

1532

Қазақстаннан шыққан инженер Forbes рейтингінен көрінді

Силикон алқабында джинсы сатқан қазақстандық инженер Назим Палташев Forbes рейтингіне енді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Назим Палташев Қазақстанда туып-өскен, біраз уақыт Санкт-Петерборда тұрып, кейін әкесінің жұмысына байланысты Америкаға көшіп кеткен. Палташевтың негізгі мамандығы – инженер, бірақ ол өзін сән индустриясынан тапты.

"Өз бизнесімді құрғым келген сән саласында да инженер мамандығым көмегін тигізіп жатыр. Мен тек қана джинсымен айналысуды шештім, себебі бұл  – Кремний алқабындағы ең танымал киім. Менің бүкіл өмірім көшіп-қонумен өтті, отбасым халқымыздың тілі мен мәдениетін және отанға деген махаббатты сақтап қалғысы келді. Мен Қазақстандағы жылжымайтын мүлкімді сатып, өз қаражатыма бизнес аштым", – деді инженер.

Палташевтың айтуынша, қазір онымен бірге 10 адам жұмыс істейді, араларында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар бар. Команда кішігірім болғанымен, өте тәжірибелі. Сондай-ақ, брендті дамытуға қосалқы мердігерлер де өз үлесін қосуда. Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, тіпті арнайы ынталандыру бағдарламасы да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу