Қазақстаннан сыртқа қант шығаруға тыйым салынады

869

Тиісті бұйрықты Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі шығарды. 

Қазақстаннан сыртқа қант шығаруға тыйым салынады

Қазақстанда 23 мамырдан бастап алты ай мерзімге қант шығаруға тыйым салынады. Тыйым ақ қант пен қамыс шикі қантты әкетуге қолданылады.

"Қазақстан аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 99 100) және шикі қамыс қантын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 13, 1701 14) әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкінің сайтында жарияланған бұйрықта.

Ұлттық банктің болжамына сүйенсек, жыл соңына дейін инфляция жоғары деңгейде болады. Сәуірдің қорытындысы бойынша, 13,2%-ға жетті.

Азық-түлік бағасы жедел қымбаттады. Оның ішінде әсіресе қант, қырыққабат, күнбағыс майының бағасы жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу