Қазақстаннан тағы бір ірі майнингтік компания кетті

1199

BitFuFu компаниясы елімізде жұмыс істеуден бас тартты.

Қазақстаннан тағы бір ірі майнингтік компания кетті

Coindesk.com сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған ұйым Bitmain компаниясынан жаңа құрылғылар сатып алып, оларды АҚШ-та орнатады. Бұл Қазақстанда электр энергиясына саласындағы жүйелі шектеулерге байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басылым Қазақстан ішінара крипто-майнерлердің елге келуіне байланысты, сонымен қатар энергетикалық инфрақұрылымға қатысты бұрыннан бар проблемаларға байланысты электр қуатының тапшылығына тап болып отырғанын жазады.  

"Ұлттық желі операторы қыркүйекте криптовалюта өндірушілері үшін электр қуатын шектеуге көшті. Қарашада Энергетика министрлігі үкіметтің заңды майнерлерге электр қуатын шектемейтініне кепілдік берді. Бірақ талаптар бекітілген жоқ", – деп жазады coindesk.com.  

Financial Times мәліметінше, Қытайдан көшкен BitFuFu-ның Қазақстанда 80 000 қондырғысы бар. Бірақ компанияның өзі бұл дерекке қатысты түсініктеме беруден бас тартты. BitFuFu өкілі компания өз қондырғыларын Қазақстанда сатуға тырысуы мүмкін екенін, бірақ әлі шешім қабылдамағанын айтты. BitFuFu – пайдаланушыларға жабдықсыз-ақ майнинг жұмыстарына инвестициялауға мүмкіндік беретін платформа. Бұдан бұрын қуат тапшылығына байланысты Xive компаниясы Қазақстанда бөлімін жапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу