Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде қос ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері саны артқан.
"Осылайша, Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылғы 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматыға халықаралық рейстер санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе мен Алматы арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде қос мемлекет арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді", – деп жазылған хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.