Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері ашыла ма?

486

Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігіне қатысты ҚР СІМ пікір білдірді. 

Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері ашыла ма? Фото: Elorda.info

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстан билігі Токиоға рейстерді қайта бастау және Нью-Йоркке тікелей рейсті ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Жапониядағы елшілігі арқылы жаңа бағыттарды қайта іске қосу не ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Біз мұндай танымал рейстерді қайта іске қосуға мүдделіміз. Өкінішке орай, қазір мен ашылады-ашылмайды деп нақтысын айта алмаймын, өйткені жапон тарапымен келіссөздер әлі жүріп жатыр. Коронавирустық індетке байланысты қабылданған карантин біраз елдің жоспарларын өзгертті, сондықтан келіссөздерді тоқтаған сәттен бастап қайта бастау немесе жалғастыру қажет", - деді Айбек Смадияров.

Ол сондай-ақ Нью-Йоркке тікелей рейстің ашылу ықтималдығы туралы айтты.

"Дипломаттар, әрине, жаңа рейстерді ашу немесе "тоқтатылған" рейстерді қайта жүргізу бойынша келіссөздер процесіне белсенді қатысады, бірақ бұл жерде Қазақстандық авиакомпаниялардың мүмкіндіктері не құрлықаралық рейстер жасай алатын тараптың әлін ескеру керек. Нақтысын сіздерге Азаматтық авиация комитеті (ААК) айта алады. ICAO желісі бойынша көптеген мәселелер бар – реттеу, үйлестіру. Ұшақты рейске қойып, оны ұшыра салу оңай емес, келісетін тұстары өте көп", - деді СІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу