Қазақстаннан Түркияға ақша аударымдарының көлемі өсіп келеді

1080

2021 жылдың қаңтарында халықаралық ақша аударымдары (ХАА) жүйесі арқылы Қазақстаннан шетелге 54,5 миллиард теңге аударылған.

Қазақстаннан Түркияға ақша аударымдарының көлемі өсіп келеді

ХАА арқылы Қазақстаннан жіберілген ақша аударымының көлемі бойынша Ресей көшбасында, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың қаңтарында Ресейге 13 миллиард теңге жіберілген – өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.

Кейін тізімде Түркия тұр: 12,4 миллиард теңге жіберілген. Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2 есе көп. 

Үздік үштікті Қырғызстан қорытындылайды: 10,5 миллиард теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 75,1%-ға артық.

Сонымен қатар қомақты қаражат Өзбекстанға да аударылған: 8,9 миллиард теңге. Бір жылдағы өсім – 45,9%.

2021 жылдың қаңтарында ХАА жүйесі арқылы Қазақстаннан шетелге жіберілген қаражат көлемі 54,5 миллиард теңге болды. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 37,1%-ға артық.

Қазақстаннан Ресейге жіберілетін ақша аударымының көлемі төртінші жыл қатарынан азайып барады.

Мәселен, 2017 жылдың қаңтарында Қазақстаннан Ресейге аударылған ақшаның үлесі – 46,6%. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,8% болған. Алайда 2021 жылдың қаңтарында ол 23,9%-ға дейін қысқарған.

Ал Түркияның үлесі артып келеді. Өткен жылы бұл елге аударылған 
қаражаттық көлемі 15,9%-дан 22,7%-ға дейін өскен. 5 жыл бұрын
ол тек 3,4% еді.

Сондай-ақ соңғы жылы Қырғызстан (15,1%-дан 19,3%-ға дейін) және Өзбекстанның (15,3%-дан 16,3%-ға дейін) да үлесі артқан. Басқа елдерге аударылған қаражаттың үлесі – 17,9% (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 20,9%).

Шетелге жіберілген қаражаттың 83%-ы "Золотую Корона" ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген: 45,2 миллиард теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Кейін Western Union жүйесі тұр: 3 миллиард теңге аударылған. 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27,2%-ға аз.

Сонымен қатар Contact және "Юнистрим" жүйелері арқылы жіберілетін қаражаттың көлемі артқан: 2,6 миллиард теңге және 2,4 миллиард теңге. Өткен жылмен салыстырғанда аударылған қаражаттың көлемі 1,5 есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу