Баспасөз конференциясы барысында елші өткен аптада Қазақстаннан 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстанға еріктілер әкелген гуманитарлық көмек Ұлттық ұланның еншілігіндегі ұшақтардың көмегімен кезек-кезегімен жіберіліп жатыр. Бүгін оның бір бөлігі Астана қаласынан ұшырылды, ертең тағы бір ұшақ жіберіледі.
"Жалпы Қазақстаннан барлығы 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілетін болады. Қазір ең қажетті заттар - шатырлар, төсек-орын, көрпелер мен жылытқыш құрылғылар", - деді Уфук Екиджи мырза.
Сөз соңында Түркия елшісі Қазақстан үкіметіне, еріктілер қоғамдастығына, жалпы барша қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.