Рейстердің басым бөлігі Ресей Федерациясына жөнелтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, аптасына 31 әуе бағыты бойынша Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Минеральные воды, Қазан, Сочи, Красноярск, Новосибирск, Махачкала және Грозный қалаларына 139 рейс орындалады.
Ал Түркияға 18 әуе бағыты бойынша Стамбул, Анкара, Анталия қалаларына аптасына 125 рейс жиілігімен және Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай, Абу-Даби, Шарджа қалаларына 58 рейс 6 әуе бағыты бойынша ұйымдастырылған. Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына қатынайтын ұшақтар Бейжің, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Санья сынды қалаларды қамтып, 9 әуе бағыты бойынша аптасына 43 рейс жүзеге асырылады.
Айта кетерлігі, биыл жазда жолаушыларды Вьетнамға, сонымен бірге Тайланд, Египет және Грузия мемлекеттеріне тасымалдайтын әуе рейстерінің саны айтарлықтай арта түспек.