Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссияға кімдердің кіргені белгілі болды

683

Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтарумен кімдердің айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссияға кімдердің кіргені белгілі болды

Осыдан үш күн бұрын Президент комиссияны құру жөнінде қаулыны бекіткені есте.

Сонда бұл іске Бас Прокурор Берік Асылов жетекшілік ететінін айтқан. Енді қатарға оның орынбасары Ұлан Байжанов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, "Самұрық-Қазына" басшысы Алмасадам Сәтқалиев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бәсекелестікті қорғау, Қаржы нарығын реттеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалары мен Ішкі істер және Әділет министрлері қосылды. 

Осы аты аталған комиссия мүшелері екі аптада бір рет бас қосып, атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде есеп беруі міндет. Қасым-Жомарт Тоқаев әу баста бұл істі өзі бақылайтынын ескерткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу