Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады

163

ҚР Көлік министрлігі биыл халықаралық бағытта жаңадан қандай әуе рейстері ашылатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады Фото: canva.com

– 2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы "АлматыНячанг" (Вьетнам), "АстанаНячанг" және "АлматыФранкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ал малайзиялық "Air Asia x" авиакомпаниясы "Алматы  Куала-Лумпур" бағыты бойынша рейстер санын аптасына 7 ретке дейін арттыруды есерілген,  делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу пысықталып жатыр.

– 2025 және 2026 жылдары Жапонияға, АҚШ-қа, Сингапурға, сондай-ақ Мароккоға жаңа әуе маршруттарын ашу жоспарланған,  деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу