Қазақстанны биатлон федерациясы спортшылардан тыйым салынған препараттар табылғанына қатысты асығыс шешім шығармауды өтінді

1076

Қазақстанны биатлон федерациясы спортшылардан тыйым салынған препараттар табылғанына қатысты асығыс шешім шығармауды өтінді

Қазақстанның биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үсенов Аустрияда әлем чемпионатына қатысып жатқан еліміз құрамасынан тыйым салынған дәрі-дәрмектердің табылғанына қатысты  асығыс шешім шығармауды өтінді.
"Құрметті әріптестер, сынақ нәтижесін күтпей, асығыс шешім жасамауларыңызды өтінемін! Бүгін ғана Аустрия федералдық полициясы  Қазақстан спортшыларының барлық дәрі-дәрмектері мен талдамаларына сараптама жасалып жатқанын хабарлады. Біз таза спортқа сенеміз!", – деп жазды М.Үсенов Facebook-тегі парақшасына.
   Бұған дейін хабарланғандай, 8 ақпанда Аустрия полициясы Аустрияның Хохфильцен қаласында әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы орналасқан жерді тінткен.  Бірнеше микроавтобустан белгісіз біреулердің пайдаланған шприц, дәрі-дәрмектің бос құтылары мен жазбалар салынған қораптарды лақтырып тастағаны туралы 2017 жылдың қаңтарында  куәгерден келіп түскен ақпарат тінту жүргізуге негіз болған. Сонымен қатар  полицияның қолына түрлі биатлон жарыстарына тіркелген бейдждер де түсіп отыр.

Аустрияның допингке қарсы агенттігі криминалдық полициямен бірлесіп табылған затпен танысып, оның Қазақстанның биатлон құрамасына тиесілі екенін анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу