Қазақстанның"Нұр Әлем" павильоны ашылды

2570

Қазақстанның"Нұр Әлем" павильоны ашылды

Қазақстанның"Нұр Әлем" павильоны ашылды. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат болмақ. Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алады, ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасады. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.
Сфераның өзінде болашақ мұражайы жайғаспақ. Нұр Әлем қарапайым мұражайдан өзгеше, ол көрме өткеннен кейін өз бетінше инновациялық хаб әрі манызды зерттеу және мәдени орталыққа айналады. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика - қуат көздерінің негізгі түрлері көрсетілетін, Болашақ мұражайының 2-8 қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерді қабылдау мүмкіндігі сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында нығая түседі.
ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл ЭКСПО ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады. Кіреберістің алдында көрмеге келушілер жиналатын басты алаң орналасқан. Әлем бойынша алғашқы "толық сфера" түріндегі ғимаратта құрылым бірегейлігі жатыр. Құрылымның қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу