Кәсіпорынның болжамына қарағанда, күндіз 15-16 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады деп болжануда. Жезқазған қаласында күндіз 15-16 шілдеде 35 градус ыстық күтіледі.
Күндіз 15-16 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
15 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік-шығысында күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қаласында түнде 15 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі.
15 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 40 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде, облыс орталығы – Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қаласында 15 шілдеде күндіз 36-38 градус аптап ыстық болуы ықтимал.
15 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, орталығында екпіні 16 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде, орталығында 40 градус ыстық.
Ақтөбе қаласында 15 шілдеде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық болуы ықтимал.
15 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 15 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығыңда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 15 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 18 м/с. 15 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градусқа дейін ыстық күтіледі, оңтүстігінде 40 градус ыстық. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Қостанай қаласында күндіз 15 шілдеде найзағай ойнайды деп болжануда. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35 градус ыстық болады.